Айдарлыда егін алқабында кездесу болды

467

0

Бүгін ҚР Парламент Сенат депутаты Руслан Рүстемұлы Рүстемов және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетұлы Жайымбетов, Мұрат Нәлхожаұлы Ергешбаев ауданға қарасты Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылының жастар бригадасы қатарындағы еңбеккер жастармен егін алқабында кездесті.

Аталған кездесуге облыстық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов, аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудандық мәслихат төрағасы,

«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Еркебұлан Жақып және еңбеккер жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрман Абдрасилов аудан көлеміндегі жастар бригадаларының жұмыстарымен таныстырып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Мұнан соң, халық қалаулылары жас еңбеккерлермен еркін форматта кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Өз кезегінде «Жетікөл» жастар бригадасының бригадирі Дархан Әзімханов жастар бригадаларына тұқым тыңайтқышының қажеттілігі туралы айтып, мемлекет тарапынан қолдау сұрады.

«Айдарлы» және «Аманкелді» жастар бригадасының жастары жанар-жағармай мәселесі шешілгенін жеткізіп, арнайы келген қонақтарға алғыс білдірді.

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<