Аймақ басшысы абаттандыру жұмыстарымен танысты

362

0

Жаңақорған ауданында облыстың 85, ауданның 95 жылдығына тарту ретінде теміржол вокзалы мен Хорасан ата кесенесі абаттандырылуда.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты.

Жаңақорған кентіндегі теміржол вокзалының ғимаратын «Ақ-Юг құрылыс» ЖШС абаттандыруда, жобаның құны 53 млн теңге. 0,20 гектар аумағына субұрқақ, гүлзарлар, орындықтар орналастыру қарастырылған.

Аймақ басшысы абаттандыру жұмыстарымен танысты

Әрі қарай аймақ басшысы Хорасан ата кесенесіне барды. Кесене XIV ғасырда салынған, 2005 жылдан бері қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмеген. Биыл демеушілер есебінен 100 млн теңге бөлініп, абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Зиярат ету орталығының аумағында кесене, мешіт, музей, асхана, бастырма орналасқан.

Айта кетейік, биыл тарихтың ізі қалған, сыры тұнған қасиетті орындар – Қорқыт ата ескерткіш- кешеніне, Хорасан ата, Оқшы ата және Марал баба кесенелеріне қайта жаңғырту, айналасын абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Бұл — Қызылорда облысының 85 жылдығына арналған тарту.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<