Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сол жағалаудағы қуаттылығы 40 мегаваттық автономды блок-модульді қазандықтың құрылыс барысымен танысты.
Қазандық құрылысына 1,9 млрд теңге қаралған. Іске қосылғанда сол жағалауда бой көтерген 55 көпқабатты тұрғын үйді орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етеді. Жоба бойынша BURAN BOILER маркалы, қуаттылығы 10 мегаваттық 4 қазандық орнатылған. Қазіргі таңда бас мердігер «Сәт-Сервис» серіктестігі құрылыс-монтаж жұмыстарының 80 пайызын аяқтаған, нысанды қаңтар айында пайдалануға беру жоспарлануда.
Сонымен қатар, «Асар» серіктестігі
қазандыққа 500 млн. теңгеге инженерлік желілер жеткізді.
Аймақ басшысы мердігер мекеме иелеріне жұмысты сапалы және мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі






