Аймақта мал басы тұрақты өсуде

47

0

Фото: Ауылшаруашылығы басқармасы

Мемлекеттік қолдаудың арқасында мал шаруашылығының оң даму тенденциясы қалыптасып, мал басының саны арттып келеді.

Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына 408,6 мың бас МІҚ, 787,0 мың бас қой мен ешкі, 249,0 мың бас жылқы, 64,2 мың бас түйе және 122,1 мың бас құс тіркелген.

Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ -35,3%-ға, қой мен ешкі -14,2%-ға, жылқы -1,4%-ға, түйе-4,1%-ға, құс 3,3%-ға артты.

Есепті кезеңде 32,7 мың тонна ет (тірі салмақта), 42,5 мың тонна сүт және 6,9 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,8%-ға, сүт өндірісі 2,7%-ды, жұмыртқа өндірісі 1,5%-ға артты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<