Аймақта мал ұрлығы азайған

669

0

Бүгінгі таңда облыс аумағында мал ұрлықтарының алдын-алу бағытында бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді. Мәселен, аталмыш қылмыс былтырғы жылмен салыстырғанда 57,6 пайызға төмендеген. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облыстық полиция департаментінің криминалды полиция басқармасы бастығының аға жедел уәкілі Ербол Рүстембеков хабарлады.

– Атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесін беруде. Мал ұрлығын ашу көрсеткішінде оң динамика қалыптасты. Биыл полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуімен 23 қылмыстың алдын алу жұмыстары сәтті аяқталды. Сонымен қатар, 13 қылмысқа қатысы бар адамдар құрықталып, тиісті шаралар көрілуде. Мал ұрлығының алдын-алу барысында облыстық ветеринарлық инспекциясымен бірлесіп рейдтік жұмыстар жүргізіліп келеді. Рейд жұмыстары алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады. Айта кету керек, орын алған мал ұрлығының басым бөлігі қараусыз жүрген төрт-түліктер. Осы орайда, мал иелерін төрт-түліктерін құжаттандыру, сырғалау жұмыстарына аса мән беруге және мал жоғалған сәтте полицияға дереу хабарласуға шақырамыз, – деді Ербол Мейрамбекұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<