Аймақта қатты қалдықтардың 34 мыңнан астамы өңделді

580

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Аймақтың экологиясын жақсарту – күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасының қалдықтарды басқару бағыты бойынша тиісті шаралар атқарылуда.

Осы жоба негізінде облыста жинақталған қатты қалдықтардың 34 мыңнан астамы өңделді. Бүгінде қатты қалдықтарды жинау, сұрыптау және өңдеу саласында 18 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеуде. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Құрманбаев хабарлады.

– Тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптап, оны өңдеу бойынша арнайы жобалар қолға алынған. Соның ішінде «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасымен халықты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметі белсенді жүргізілуде. Осының нәтижесінде, облыс тұрғындарының 71,5 пайызы осы қызметпен қамтылған. Одан бөлек, облыстың 145 елді мекенінде полигон қызметі үшін жалпы көлемі 402 гектар жер белгіленген. Бүгінде облыстағы 7 полигон экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендірілген. Тағы да 3 ауданда жаңа полигондардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сондай-ақ, ғарыштық түсірілім арқылы облыс аумағында 74 стихиялық қоқыс орны анықталып, толығымен тазартылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады, – деді Марат Ердәулетұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<