Сурет: Облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға мемлекеті тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Тіл орталығы арқылы қызылордалықтарға мемлекеттік тілмен қатар, орыс және ағылшын тілдерінің курстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде 1654 адам тілдік курстарға тіркелген. Басым бөлігі мемлекеттік тілдегі деңгейін жетілдірген.
Сондай-ақ, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша 140 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшлері тестілеуден өткен. Облыстағы мемлекеттік тілдің ахуалы жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов мәлімдеді.
– Тілдік ахуалды зерделеу бойынша жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,7% құрады, – деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<