Дін – халық мәдениетінің рухани негізі. Оның қоғамда алатын орны қашанда ерекше. Сол себепті жас ұрпаққа діндер тарихы мен оның құндылықтары, рухани астары туралы мәлімет беру өмір талабы.
Бүгінде аймақтағы діни ахуал тұрақты деп сипаттауға болады. Бұл туралы облыстық дін істері басқармасының басшысы Дінмұхаммед Ермеков хабарлады.
– Есепті кезеңде ақпараттық түсіндіру тобымен қарқынды жұмыс жасалды. Түрлі мақсатты топтармен 6 398 шара өткізіліп, оған 112 662 адам қамтылды. Шаралардың мақсатты тобына түрмеде жазасын өтеушілер, пробациялық есептегі тұлғалар, мешіт жамағаты, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, жастар, Neet санатындағы жастар, мемлекеттік және бюжеттік сала, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және т.б. кіреді. Әрбір шара соңында тақырыптың өтімділігі мен спикердің біліктілігін тексеру мақсатында қатысушылар арасында QR код арқылы анонимді сауалнама қарастырылған. Бұл өз нәтижесін береді деген сенімдеміз, – деді Дінмұхаммед Жандарбекұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<