Айнұр Бекееваның авторлық бағдарламасы республикалық байқауда үздік деп танылды

46

0

Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі

Алматыда «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектеп мұғалімі Айнұр Бекеева «Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер» секциясы бойынша І орын иеленді.

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 186 мұғалім қатысты. Сырбойлық ұстаз «English for Information and Media Literacy» тақырыбындағы авторлық бағдарламасы оқушыларды ақпараттық ресурстарды дұрыс табу, талдау және жауапкершілікпен пайдалану дағдыларына үйретуге және сыни ойлау қабілеттерін жетілдіруге бағытталған. Әділқазылар жұмыс мазмұнының өзектілігі мен жаңашылдығын жоғары бағалап, таратуға тұрарлық педагогикалық идея ретінде танылды.

Айнұр Бекееваның авторлық бағдарламасы республикалық байқауда үздік деп танылды

Бұл жеңіс – мұғалімінің шығармашылық әлеуетінің жоғары екенін және оның білім беру саласына қосқан үлесінің зор екенін көрсетеді.

«Бұл бағдарлама енді республика мектептеріне таратылатын болады және оқушыларды қазіргі заманның ақпараттық және цифрлық ортада табысты болуға дайындайтын әдістемелік құрал ретінде пайдаланылады», – дейді Айнұр Сауиовна.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<