Айзат Жұманованың өлімі: Айбар Жанболат 14 жылға сотталды

64

0

Фото: Айгерім Көппаева/Kazinform

Айыпталушы сот үкімімен марқұмның отбасына моральдық зиян үшін 20 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы соттан Айбар Жанболатқа орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару мекемесінде жазасын өтей отырып, 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. 

Сонымен қатар бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстауды өзгеріссіз қалдыруды талап еткен.

Айыптаушы тарап жәбірленушілердің пайдасына Қылмыстық кодекстің 98-бабының 2-бөлігіне сәйкес 30 АЕК көлемінде өтемақы өндіруді де ұсынған.

Сот отырыстарының бірінде прокурор қайғылы оқиға болған күні тергеу әрекеттеріне қатысқан анықтаушы Дәулет Кәріпжановты қосымша куәгер ретінде жауапқа шақыру жөнінде өтініш білдірді.

Қайғылы жағдай 2025 жылғы маусымның 21-інен 22-не қараған түні Алматы облысының Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында болған. Отбасылық жанжал кезінде күйеуінің қол жұмсауынан Айзат Жұманова қаза тапқан.