Академик аймағымызда жүзеге асырылып жатқан «ІТ-математика» жобасымен танысты

455

0

Облыстық білім басқармасы мен Қазақстандық математика мұғалімдерінің қауымдастығы бірлесіп бүгін қаламыздағы №187 ІТ мектеп-лицейінің базасында математика пәні мұғалімдерінің облыстық шығармашылық байқауын өткізуде.

Жас математиктердің кәсіби дағдылары мен шығармашылық әлеуетін дамыту, мектеп оқушыларының білім сапасы мен математикалық дайындық деңгейін арттыруды мақсат еткен білім бәсекесіне облыс бойынша 120 мұғалім қатысуда.

Академик аймағымызда жүзеге асырылып жатқан «ІТ-математика» жобасымен танысты

Байқауға қатысушылармен кездесуге және облыстағы «ІТ-Математика» жобасының жұмыстармен танысу үшін бүгін арнайы физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҰҒА академигі Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев қатысып, оң бағасын берді.

Жиын барысында қатысушыларға «ІТ-Математика» облыстық жобасы аясында мектеп оқушыларының шығармашылық көрмесі, мектеп мұғалімдерінің математика пәнін тереңдетіп оқыту және ІТ-технологиялар көмегімен оқыту бағыттары бойынша жасалып жатқан жұмыстары, университет ғалымдарымен бірлесіп дайындалған авторлық әзірлемелер мен оқушылардың ғылыми жобалары, математика пәнін оқытуда пайдаланып жатқан цифрлық білім беру ресурстары таныстырылды.

Сонымен қатар қатысушылар мен қонақтар мектептегі Асқар Жұмаділдаев атындағы арнайы кабинет, алгебра, геометрия, ІТ-математика және т.б. тереңдетіп оқытуға арналған бейінді кабинеттерді камтитын блок жоспары мен дайындығын тамашалады.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<