Академик атындағы олимпиада

1239

0

Фото: Облыстық білім басқармасы

Сырдың бойында тарихы ерекше, түлектерінің есімі шартарапқа танымал білім ордалары көп. ҚР ҰҒА академигі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Алдабергенұлы Бейсенов сынды тұлғалар Сәкен Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп-лицейінің қабырғасында біліммен сусындап, үлкен өмірге жолдама алған.

Бүгін аймақтың білім саласына өлшеусіз үлес қосып, Парламент мәжілісінің депутаты болған Қылышбай Алдабергенұлымен кездесу сағаты өтті. Аталмыш шараға басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, аға-ұстаздың тағылымды өмір жолының көпке үлгі екендігін атап айтты.

Сонымен бірге аймақтың бас ұстазы Сәкен Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп –лицей базасында ҚР ҰҒА академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, техника ғылымдарының докторы профессор Қылышбай Алдабергенұлы Бейсеновтің жүлдесі үшін ұйымдастырылған қалалық математика және физика пәндері бойынша 9, 11 сынып оқушыларына өткізілген олимпиада жеңімпаздарын марапаттады. Жүлделі орын иеленген 11 сынып оқушыларына Ашық университетінің 10 гранты, 9 сынып аралығында жеңімпаз атанған 12 оқушыға көпсалалы гуманитарлық колледжінің гранттары табысталды.

Мұнын бөлек аталмыш мектеп базасынан Бейсенов Қылышбай Алдабергенұлы атындағы толық жасақталған математика кабинетінің ашылу салтанаты өткізілді. Жиынға білім саласының зиялы қауым өкілдері, ұлағатты ұстаздар мен журналистер қатысып, жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<