Акция аясында екі жеңімпаз марапатталды

209

0

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп 2019 жылғы 1 мамырдан бастап 8 тамызға дейін республика азаматтарына арналған «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясын өткізуді бастағанын бұған дейін хабарлағанбыз. Акция кезінде Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектерін (Онлайн БКМ) чектері қатыса алады.
Қатысушылар арасында күн сайын акция өту кезінде, 100 күн ішінде 100 смартфон ойнатылуда. Бүгінгі күнге Қызылорда облысы бойынша үш жеңімпаз ұтыс ұтып алған. Оның ішінде 2019 жылдың 22 мамыр күнінің нәтижесімен Қармақшы ауданы Төретам кентінің тұрғыны Смартфон iPhone-7, Gold түсті, 1 сақтау сыйымдылығы 32 GB құрайтын ұтыс жеңімпазы атанса, 19-24 маусым күнінің нәтижесімен Қызылорда қаласының тұрғындары кезекті Смартфон iPhone-7, Rose Gold түсті, 1 сақтау сыйымдылығы 32 GB құрайтын ұтыс жеңімпаздары атанды.
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Департамент басшысы Ғалымжан Орынов акцияға халықтың белсенді болуы көңіл қуантарлық жағдай екенін, бұл науқанның ел қазынасын толтырудағы ерекше маңызын айта келе, жеңімпаздар Айдос Мырзабек пен Жібек Рысбековаларды арнайы 229 729 теңге көлеміндегі сертификаттармен құттықтап, жеңіске тігілген «IPhone 7» смартфондарын табыс етті.
Акцияны өткізудің мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады. «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» кең ауқымды республикалық акциясына кез келген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде Онлайн БКМ чектерін алған Қазақстанның жасы 18-ден жоғары азаматтары қатыса алады. Оған қатысу үшін бар болғаны App Store, Google Play market қосымшалары арқылы қатысушы және чек туралы мәліметтерді тіркейтін «Таңдау» тегін мобильді қосымшасын жүктеу жеткілікті.
Қатысушы және чек туралы мәліметтерді тіркейтін «Таңдау» тегін мобильді қосымшасы App Store, Google Play market қосымшаларында қолжетімді.
Акция шарттары бойынша чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы күніне 1 бақылау касса машинасының 10 санынан аспайтын чегін жолдай алады.
Акцияның толық шарттарын және қосымшамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты www.trebui.kz сайтынан көруге болады
«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<