Акция ұйымдастырылды

324

0

Акция ұйымдастырылды Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Тасбөгет кентінде «Белсенді азаматтық қоғам – сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында көпшілік акция өткізілді.

Шарада Президент Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауының 9-шы бағытында  көрсетілген жемқорлықпен күрестің маңыздылығы аталды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардағы үрдістер, цифрландыру жайы сөз болды. Қор директоры Жандос Тұсмағамбетов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Анар Сәлімжанқызы да жемқорлықтың алдын алу бойынша жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<