Актив отырысы өтті

685

0

Бүгін аудан әкімі М.Ергешбаевтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Сырдария ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №335,336 қаулылары негізінде аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне аудандық қаржы бөлімін, аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне аудандық жер қатынастары бөлімін, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімін қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

Ал, аудандық ішкі саясат бөлімінің атауы аудандық қоғамдық даму бөліміне өзгертіліп, қайта аталды.

Осыған орай, қайта ұйымдастырылған және атауы өзгертілген мемлекеттік органдар басшыларын аудан әкімі Мұрат Ергешбаев аудан активіне таныстырды.

«Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Ерлан Ахетов тағайындалады.

«Сырдария аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Нұрбол Жұмабеков тағайындалады.

«Сырдария аудандық мәдениет және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Жігер Айекешов тағайындалады.

«Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Бейбіт Смайлов тағайындалады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<