Бүгін Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт» музейі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында үйден оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балаларға «Қала тарихы» музейіне «Балаларға мейірім сыйла» атты экскурсиялық саяхат ұйымдастырды.
Экскурсияның мақсаты – тарихи көрікті орындарды көрсету, тарихымыздың өте терең және бай екендігін, «Ұлы жібек» жолында орналасқандығын, Сыр Алаштың анасы, Сыр елі-жыр елі екендігін сипаттап, түсіндіру, есте сақтауды қалыптастыру. Балалар экскурсия барысында мағлұмат алып, ұйымдастырушы музей қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.





