Алаяқтар қазақстандықтарға Қонаев әкімі атынан жазып жатыр

348

0

Фото: Қонаев әкімдігі

WhatsApp мессенджерінде Қонаев әкімі Асхат Бердіхановтың атынан азаматтарға түсініксіз хабарламалар келіп жатыр.Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Бүгін Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың атынан бәзбіреулер WhatsApp желісінде хабарламалар таратып жатқаны анықталды. Мұндай хабарларды интернет-алаяқтар жібереді. Қонаев қаласы тұрғындарынан жалған ақпаратқа сеніп, бейтаныс нөмірге ақша жібермеулерін және жолданған сілтемелерге өтпеуін сұраймыз. Шаһар басшысының іnstagram желісінде ғана ресми аккаунты бар @berdikhanov_askhat барлық жаңалық осы аккаунтта ғана жарияланады», – хабарлады қалалық әкімдіктен.

Бұған дейін Алматы облысының әкімдігі тұрғындарға өзін облыс әкімімін деп таныстыратын алаяқтардың әрекетіне сенбеуге шақырған еді.

Сондай- ақ, Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері атынан да жалған ақпарат тараған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<