Алаяқтармен, аферистермен күресу керек – Тоқаев

648

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алаяқтармен күресу керегін айтты. Бұл туралы ол қазақстандық бизнес өкілдерімен кездесуде мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2019 жылы мен өз Жолдауымда бизнестің жұмысына заңсыз кедергі келтіру мемлекет мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қаралуға тиіс деп айтқан болатынмын. Бұл Бас прокуратураның жұмысы. Алаяқтармен күресу керек, тағы айтайын, алаяқтармен, аферистермен. Бірақ артық қыламыз деп тыртық қылмауымыз керек», – деді Тоқаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесіп жатыр. Күн тәртібінде бизнестің құқығын қорғау, кәсіпкерлердің жаңа экономикалық саясатты іске асыруға атсалысу, шағын және орта бизнеске жүйелі қолдау көрсету мәселелері қарастырылатыны хабарланған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<