Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жаңа басшы келді

284

0

Қызылорда қаласы әкімінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №81 өкімімен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметіне Есжанов Асқарбек Темірбекұлы тағайындалды.

 Есжанов Асқарбек Темірбекұлы 1978 жылы Жалағаш ауданында ұстаздар отбасында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1999 жылы Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік университетін «Тарих және құқық пәнінің мұғалімі» мамандығы және 2004 жылы Қызылорда гуманитарлық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, 1999 – 2001 жылдар аралығында Қызылорда экология және құқық колледжінің оқытушысы;
2001- 2002 жылдары Қызылорда экология және құқық колледжі директорының орынбасары;
2002 – 2005 жылдары Облыстық мәдениет басқармасының бас маманы,
2005 жылы Қызылорда облысының білім беру департаментінің лицензиялау мен аттестаттау бөлімінің бас маманы;
2005 – 2007 жылдары Қызылорда облыстық сотында түрлі жауапты қызметтерді атқарған;
2007 жылы Қалалық білім беру бөлімі бастығының орынбасары;
2007 – 2010 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің бастығы;
2010 – 2013 жылдары Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы;
2013-2015 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы;
2015-2017 жылдары қалалық білім бөлімінің басшысы;
2017 жылдың маусым айынан бастап Қызылорда қаласы мәслихатының аппарат басшысы қызметтерін атқарған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<