Қала орталығында жаңа үлгідегі 8 қабатты «Park Hotel Qyzylorda қонақүйі іске қосылды. 4 жұлдызды қонақ үйде 32 нөмір бар, оның ішінде 5-і стандартты нөмір, 20 нөмір «Де Люкс», 5 нөмір «Люкс» және 2 нөмір «Президенттік».«Жоба «Қазақстан Халық банкі»АҚ арқылы қаржыландырылды. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020 » бизнесті дамыту мен қолдау мемлекеттік бағдарламасы аясында Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ тарапынан 7% көлемінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде» қолдау болды. Қазіргі таңда қонақүйде 32 адам жұмыс жасайды, алдағы уақытта 50 адамды қамту жоспарлануда», – деді қонақүйдің басқарушы менеджері Ж. Жукенов.





