«Хабар» Агенттігінде кадрлық өзгерістер болды. Агенттіктің басқарма төрағасы болып Алан Әжібаев Ғазизұлы тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Хабар 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
1974 жылғы 22 қаңтарда Алматы қаласында туған. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген. 1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген, сондай-ақ Ұлыбританияның Ланкшир университетінің «БАҚ-тағы менеджмент» сертификатына ие. 1994-1995 жылдары «Макс» телерадиокомпаниясында радиожүргізуші, 1995-1997 жылдары «31-арнада» тележүргізуші болып жұмыс істеді, 1997-1998 жылдары «City» телерадиокомпаниясы» ЖШС бағдарламалар жөніндегі директоры, 1999 жылы «Радио Караван» директоры лауазымдарын атқарды. 1999-2008 жылдар аралығында кәсіпкерлік қызметпен айналысты. Одан кейінгі жылдарда «Таң» телерадиокомпаниясы» ЖШС-тің, «Тенгри ФМ» радиосының бас продюсері, 2012-2014 жылдары «SKYMAX MEDIA» бас директоры, 2014-2016 жылдары «Айқын» және «Литер» қоғамдық-саяси газеттерінің директоры болды.
2016-2008 жылдары Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар вице-министрі лауазымын атқарды. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Қазақстан Республикасы Президентінің атынан алғыс хат алған. Қысқаша анықтама: Алмагүл Ауғалиқызы Ахметжанова 1975 жылы 4 желтоқсан күні Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Әлеуметтану» мамандығы бойынша бітірген. Магистр дәрежесі бар. Агенттіктегі қызметін 1999 жылы бас редактор ретінде бастаған.
Кейін продюсер, 2002-2004 жылдары бағдарламалар дирекциясы басшысының орынбасары, 2005-2011 жылдары бағдарламалар директоры, 2012-2016 жылдары – Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<