Алаяқтар \»ҚазМұнайГаз\» атынан қазақстандықтарға 1000 литр бензин ұсынып жатыр

222

0

«ҚазМұнайГаз» компаниясының өкілдері қазақстандықтарға алаяқтардан абай болуды ескертті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
Компаниядағылардың айтуынша, қазақстандықтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде «ҚазМұнайГаздың» 10 жыл толуына байланысты 1 000 литр бензинге купон сыйлап жатқаны жайлы хабарламалар таратып жатыр. Купонды алу үшін тек сайттағы сауалнамадан өту керек екен.
«ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекеттерінің желісі ресми түрде хабарлайды: таралып жатқан хабарлама шындыққа жанаспайды, ол алаяқтық әрекет. Өтінеміз, абай болыңыздар! Алаяқтарға алданып қалмаңыздар! Басқа сайттарда біздің компанияның атынан көрсетілген ұтыс ойындарына қатыспаңыздар! Ұтыс ойындары мен акциялар жайлы мәліметтердің барлығы azskmg.kz сайтында, сондай-ақ, компанияның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады. Клиенттерді қауіпсіздендіру – біздің міндетіміз», – деп ескертті «ҚазМұнайГаз» компаниясының өкілдері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<