«Қазгидромет» РМҚ алдағы үш күнге 31 наурыз бен 1, 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз, жылы көктемгі ауа райы сақталады. Тек батыс өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста кей уақыттарда нөсер жаңбыр болады. Сондай-ақ желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін күшейеді. Түнгі және таңғы уақытта республика бойынша тұман түсуі мүмкін.
Күндіз ауа температурасы:
солтүстік-батыста +17…+26°С,
солтүстікте +13…+20°С,
орталықта +12…+23°С,
шығыста +5…+22°С,
оңтүстік және оңтүстік-шығыста +23…+32°С,
ал батыста +20…+25°С-тан +13…+20°С-қа дейін төмендейді.
Айта кетелік СҚО Ақжар ауданында автожолдың учаскесін су басқан еді.






