Алдағы тәуліктерде республиканың басым бөлігінде аптап ыстық, өрт қаупі туындайды – Қазгидромет

208

0

Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК-сы алдағы тәуліктерге арналған күн райы болжамын ұсынды. Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 5-7 маусым аралығында Маңғыстау мен Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жоғары өрт қаупі (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіпіне дейін жоғарылауы мүмкін.

Ақтөбе облысының күндіз батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 5 – 7 маусым аралығында 30-35 градус қатты ыстық болады, жоғары өрт қаупі (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіпіне дейін жоғарлауы мүмкін.

Қызылорда облысында күндіз 5 – 9 маусым аралығында 38-43 градус қатты ыстық, жоғары өрт қауіп (4 класс) төтенше (5 класс ) өрт қауіпіне дейін жоғарлауы ықтимал.

Түркістан облысында 5 – 10 маусым аралығында ауа температурасы күндіз 32-37 градус жылыдан 37-42 градус қатты ыстыққа дейін жоғарлауы, жоғары өрт қауіпі (4 класс) төтенше (5 класс ) өрт қауіпіне дейін жоғарлауы ықтимал.

Жамбыл облысында күндіз 05 – 10 маусым аралығында 35-40 градус қатты ыстық болады, жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс) төтенше (5 класс ) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы күтіледі.

Таразда 5 – 10 маусым аралығында күндіз 36-38 градус қатты ыстық болады, жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіптілігіне дейін жоғарлауы ықтимал.

Алматы облысында 5 – 10 маусым аралығында күндіз 32-37 градус ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қаупіне дейін жоғарлауы ықтимал.

Жетісу облысында күндіз 5 – 10 маусым аралығында 32-37 градус ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қаупіне дейін жоғарылауы күтіледі.

5 маусымда Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

5 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түсед. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Петропавлда 5 маусымда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с.

5 маусымда түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында, орталығында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

5 маусымда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с.

Өскеменде 5 маусымда түнде найзағай ойнайды.

5 маусымда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 36 градус ыстық болады. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырауда 5 маусымда күндіз 35 градус ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

5 маусымда Қостанай облысының түнде батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың батысында, шығысына бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанайда 5 маусым күні найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

5 маусымда Қызылорда облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылордада 5 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

5 маусымда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.

5 маусымда күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 38 градус ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтауда 5 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

5 маусымда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Көкшетауда 5 маусымда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

5 маусымда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбеде 5 маусымда кей уақытта найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

5 маусымда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

5 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-36 градус ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Оралда 5 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

5 маусымда Түркістан облысының солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 05 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістанда 5 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<