Алдағы үш күнде 46 градусқа дейін аптап ыстық болады

308

0

Фото: publika.md

Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы болады. Найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.

6 маусым – батыста, 7-8 маусым – солтүстік-батыста, 8 маусым – солтүстікте қатты жаңбыр және бұршақ жауады. Еліміздің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.

6-7 маусым күндізгі уақытта солтүстікте, 6 маусым орталық пен шығыста +41°С дейін, 8 маусымда оңтүстік-шығыста +41°С дейін, еліміздің оңтүстігінде +46°С дейін өте қатты ыстық болады.

8 маусымда солтүстік-батыс пен солтүстікте +30°С дейін төмендейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<