Алдағы 3 күнде еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады

291

0

Алдағы 3 күнде еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады 7-9 тамыз аралығында республиканың басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады. Екпінді жел соғады. Батыста және солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы негізінен 27-35 градус аралығында сақталады. Оңтүстік және батыста 40 градусқа дейін көтеріледі. 9 тамызда Республиканың батысында және солтүстік-батысында Таймыр ауданынан салқын және ылғалды ауаның ауысып келуіне байланысты күн салқындай бастайды. Күндізгі ауа температурасы 20-28 градусқа дейін төмендейді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<