«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Республиканың солтүстік өңірлерінде өткінші жаңбырларға қарамастан, 29 шілдеде ауа температурасының күндіз плюс 25-30 градусқа дейін көтерілуі күтіледі, ол Иран аудандарынан келетін жылы ауа массасымен байланысты, республиканың оңтүстік-батысында сынап бағанасы плюс 40…42 градусқа дейін көтеріледі.
Қазақстанның шығыс бөлігінде циклонның жоғары жырасы өзінің ықпалын сақтайды, онымен бірге салқын және ылғалды ауа келеді, ол өткінші жаңбыр, бұршақ жаууын, желдің дауылды күшеюін және ауа температурасының ауытқуын тудырады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<