Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

302

0

Алдағы күндері ауа райы қандай болады? Синоптиктер 12-14 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері оңтүстікте күн жылынады. «Қазақстан аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронттар кей жерлерде жауын-шашын, жаңбыр және ылғалды қар алып келеді. Республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы аздап төмендейді. Еліміздің оңтүстік және шығыс аудандарына фронттардың артынан Орта Азиядан жылы ауа келеді. 13 және 14 сәуірде күндіз оңтүстікте және оңтүстік-шығыста плюс 20-25 дейін, кей жерлерде 27-30 градусқа дейін, шығыста 13-18, кей жерлерде 21 градусқа дейін ауа жылынады», – деп хабарлады синоптиктер.
Сондай-ақ, синоптиктер Қызылорда және Қостанай облыстарында ескерту жарияланғанын айтты. «12 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман; күндіз шығыс, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі 12 сәуірде тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі», – деді «Қазгидромет» мамандары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<