Алдағы уақытта республика аумағы арқылы шығысқа жылжи отырып, суық фронттар қардың жаууын, боран, көктайғақ, батыс және солтүстік-батыста жел тудырады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қарға ұласатын жаңбыр, таулы және тау бөктері аудандарында 31 қазанда және 1 қарашада жауын-шашын қатты жауады, сондай-ақ Қазақстанның барлық аумағында күн суытады деп болжанады.
Қатты жел, найзағай мен бұршақ жауғанда:
– мүмкіндігінше ауа райының қолайсыздығын іргелі құрылыс нысандарында тоса тұрған жөн; – көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;
-пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздыр;
– жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз; Найзағай мен қатты нөсер жолдың көруіне кедергі болып, найзағай жүргізушіге әсер етіп жол-көлік оқиғасына әкеп соқтыруы мүмкін.
– найзағай кезінде су қоймаларында суға шомылуға және балық аулауға болмайды;
– орын жайларда терезеден алшақ болып, электроқұралдарды қолданбауға тырысыңыз, бұршақ соңы найзағай болуы мүмкін.
– құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндікше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.





