Синоптиктердің мәліметінше, елімізде суық ауа райы әлі бірнеше күн сақталады. «Суық және кең алқапты антициклон Қазақстанның ауа райына әлі де әсерін сақтайды. Республиканың басым облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ауа температурасы аздап жоғарылауы мүмкін. Тек Қазақстанның қиыр солтүстігінде қар жауып, 17 қарашада батыс желі күшейіп, бұрқасын болады», – деді «Қазгидромет» мамандары.
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
14.11.2018
280
0





