Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?

231

0

Синоптиктер 26-28 шілдеге арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Солтүстік өңірлерде өткінші жаңбырларға қарамастан, ауа температурасы күндіз 25-35 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Бұған Иран аймағынан келетін жылы ауа массалары әсер етеді. Республиканың оңтүстік-батысында сынап бағанасы 40…42 градусқа дейін жоғарылайды», – делінген хабарламада.
Қазақстанның шығыс бөлігінде циклонға байланысты салқын және ылғалды ауа ағыны келеді. Осыған орай, өткінші жаңбыр жауып, бұршақ түседі және жел күшейіп, ауа температурасы тұрақсыз болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<