Алдағы үш күнде үскірік аяздың беті қайтады

194

0

Синоптиктер 27-29 желтоқсан күндері үскірік аяздың беті қайтады деп болжап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанға келіп әлек салған Сібір антициклоны шыңылтыр аязын ала келген болатын. Республиканың біршама облысында оның ықпалы әлі де байқалады. Алдағы күндері, әсіресе түнде үскірік аяз сақталады. Дегенмен, батыс облыстарға қазірдің өзінде жылы әрі ылғалды ауа массалары келе бастаған. Олар шығысқа қарай жылжи отырып, қардың жаууына себеп болады, сондай-ақ оңтүстік-батыстан күшті жел соғып, ауа температурасы ақырын жоғарылай бастайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<