Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

278

0

«Қазгидромет» РМК 2-4 сәуірге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сәуір айында циклонмен байланысты синоптикалық процестер күшейе бастайды. Қазақстанның орталығындағы циклон 2 сәуірде шығысқа қарай ығысып, оның орнын антициклон басады. Кейін антициклонның орнына Жерорта теңізінің шығыс аймағынан кезекті циклон жылжиды. Алдағы үш күндегі ауа райы циклонға байланысты болады», – деп хабарлады Қазгидрометте.

Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, қатты екпінді жел соғады. Ауа температурасы оңтүстікте плюс 15…25° және солтүстік облыстарда плюс 5…15°С болуы ықтимал.