Италияда депутаттар палатасы мен сенат сайлауы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Экзит-полл нәтижесі бойынша, оң орталықшыл коалиция 41-45% дауыспен жеңіске жетіп, парламенттің екі палатасында да көпшілік орынға қол жеткізді.
«Италия ағайындылары» партиясының жетекшісі Джорджа Мелони елдің келесі премьер-министрі болуы мүмкін.
Егер солай болса, ол Италия үкіметінің басшысы лауазымын иеленген алғашқы әйел болады.
Сайлауды бастапқыда 2023 жылдың көктемінде өткізу жоспарланған.
Алайда шілде айында премьер-министр Марио Драги отставкаға кетіп, оның құрамында солшыл, оң және орталық партиялардан тұратын коалициялық үкіметі ыдырағаннан кейін елде мерзімінен бұрын жалпы сайлау белгіленді.
Сайлаудың ресми қорытындысы дүйсенбі күні жарияланады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<