Алғашқы 5 адамға сыйлық берілді

158

0

Фото: Автордан

Бүгін Қызылорда қаласындағы Н.Ілиясов атындағы №9 мектеп-гимназияда орналасқан №188 сайлау учаскесі қаланың батыс бөлігіндегі тұрғындар үшін айқара ашық болды. Тұрғындар таңертеңнен бастап учаскеге келіп, таңдау жасады.

Сайлау учаскесінің төрағасы Батырбек Әбиевтің айтуынша, референдумның өту барысын әртүрлі қоғамдық қорлар мен ұйымдардан 10-ға жуық бақылаушы қадағалап отыр.

«Бүгін референдум бойынша жұмыс өз уақытында басталды. Біздің учаскеге 1800-ден астам сайлаушы тіркелген. Оның ішінде үйден дауыс беруге өтініштер біртіндеп түсуде. Алғашқы бір сағат ішінде 80 шақты адам келіп дауыс берді. Алғашқы 5 келушіге арнайы сыйлықтар табыс етілді», – деді ол.

Назерке Саниязова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<