Алғашқы сайлаушы таңғы бесте келді

455

0

№348 сайлау учаскесіне келушілердің қарасы қалың. Учаскедегі байқаушылардың капитаны Айгерім Өсерованың айтуынша, бұл учаскедегі сайлаушылардың басым көпшілігі — жастар, орта жастағы адамдар. Ал үлкен кісілер таңғы уақытта белсенділік танытқан.

— Мұнда сағат 12:00-ге дейін 650 сайлаушы тіркелді. Оның бесеуі – алғаш рет дауыс беруші. Мұндағы сайлау барысын 11 байқаушы қадағалаудамыз. Таң атқалы процесті назардан тыс қалдырмай, қарап отырмыз. Барлығы әділ өтуде, — деді ол.

Айтпақшы, мұнда мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы қондырғылар мен компьютерлер және бөлек орындар әзірленген. Кандидаттар тізімі әдейі дайындалған папкаға енгізілген. Төрт адам үйлерінен дауыс беруге өтініш білдірген.

— Ең бірінші дауыс беруші таңғы бесте келді. Біз бес жарымда келгенде ол кісі күтіп отыр екен. Таңғы жетіде Әнұран шырқалған соң, қала тұрғыны Ғалымжан Зененов алғаш болып өзінің азаматтық парызын орындады, — деді Айгерім Өсерова.

Айта кетейік, учаскеге келіп бірінші болып дауыс берген және алғаш рет дауыс берген сайлаушыларға сый-сияпат жасалды.

– Байқаушылардың капитаны болған қиын әрі қызықты міндет екен. Мұндай жауапкершілік алғаш рет жүктелген соң аздап толқыдым. Таңғы сағат 5:30-да осы сайлау учаскесіне келдік. Сағат 7-де дауыс беру басталды. «Саяхат» тұрғындары ағылып келіп жатыр. Бәрі әділ өтуде, – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<