Алмас Кішкенбаевтың жұбайымен ажырасып кеткені рас па?

525

0

Алмас Кішкенбаевтың жұбайымен ажырасып кеткені рас па? Желіде Алмас Кішкенбаевтың жары Мөлдірмен ажырасқаны жайлы ақпарат тарап кетті. Әншінің тыңдармандары қазір Алмастың отбасы үшін алаңдаушылық білдіруде деп хабарлайды NUR.KZ.

Осыдан бірнеше күн бұрын әншінің жары Мөлдір Серікбаева “Бұл өмірде ешкімге сенбеңіздер, тек өзіңе ғана сеніңіздер. Сәттілік саған, Алмас Кішкенбаев”, – деп жазды Instagram парақшасында. Алайда бұл жазбаны көп өтпей, қайтадан өшіріп тастаған.

Кішкенбаевтың өзі де осы сында жазба қалдырғанымен, ұзамай парақшасынан алып тастады.

Алайда бұл ақпаратқа оқырмандар сенер емес. Олар бұл әншінің кезекті қара пиары ғана деп ойлады.

Сондай-ақ желі қолданушылары «Өте өкінішті», «Балалаларыңызды тірі жетім етпеңіз», «Біреудің отбасына араласуға құқығымыз жоқ. Бірақ, балаларды ойлаңыздар», «Мөлдірдей қыз таба алмайсың» деп пікірлерін білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<