Алмасбек Есмаханов жаңа қызметте

903

0

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының 2022 жылғы 12 қыркүйегіндегі №02-05/92 бұйрығына сәйкес басқарма басшысының орынбасары лауазымына Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы тағайындалды.

Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы 1982 жылы 8 қаңтарда Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы Қызылорда гуманитарлық университетінің қаржы және несие, 2009 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінің заңтану мамандықтары бойынша бітірген.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі және АҚШ-тың Каролина штатының ДЮК университетінің «Саясаттану» мамандығы бойынша әлеуметтік білім магистрі академиялық дәрежесі берілген.

Еңбек жолын 2006 қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің маманы болып бастаған. 2007 – 2008 жылдары облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің жетекші, бас мамандары, 2008 – 2012 жылдары қала әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық бөлімінің бас маманы, бас инспекторы, Тасбөгет кенті әкімінің орынбасары, бөлім басшысы, 2012 – 2014 жылдары Қарауыл төбе ауылдық округінің әкімі, 2014 – 2015 жылдары облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім басшысы, 2015-2018 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, 2018-2019 жылдары Қызылорда қаласы әкімдігінің аппарат басшысы, 2019-2020 жылдары қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымдарында қызмет атқарған. 2020 жылдың 13 қарашасынан осы кезге дейін, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<