Алматы дәрігерлері 38 магнит жұтқан баланың жағдайын айтты

368

0

Алматы дәрігерлері 38 магнит жұтқан баланың жағдайын айтты Алматыда Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының жедел хирургия бөлімінің дәрігерлері 38 магнит жұтып қойған баланың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазір баланың жағдайы тұрақты. Әзірге бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Бала есін жиған. 4-5 күн шамасында тамақ ішуге тыйым салынады. Баланы тек тамыр арқылы қоректендіріп жатыр», – деді Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының жедел хирургия бөлімінің меңгерушісі Ерлан Меңдіғалиев.
Оның айтуынша, оң динамика жалғасқан жағдайда баланы ертең палатаға ауыстырады.
Дәрігерлер ата-аналарға балаларын мұқият қарауды ескертті.
1-14 жасқа дейінгі балалар абайсызда түйме, ине, гелден жасалған шар, тиын, сүйек, дән жұтып қояды.
Жылына 4-5 рет Алматы хирургтары балалардың асқазанынан магнит бұйымдарын алып шығады.
Айта кету керек, кеше Алматыда 5 жастағы балаға шұғыл ота жасалып, ішегінен 38 магнит тастары алынған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<