Алматы мен Алматы облысындағы жер сілкінісі: ТЖМ мәлімдеме жасады

300

0

Фото: aa.com.tr/ru

Алматы облысының Талғар қаласында қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

«Қазселденқорғау» АТЭТУ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеп шықты.

Сондай-ақ, Алматы қаласының патрульдік полиция қызметкерлері тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.

«Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. ТЖМ желісі бойынша қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты», — деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметінен.

Қала тұрғындарынан «112» желісіне ақпараттық сипаттағы 50-ге жуық қоңырау келіп түсті.

Алматы облысының ТЖД командалық орталығының базасында жедел желі телефоны ашылды: 8 (7277) 22-60-97.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына жер сілкінісі туралы SMS-хабарлама неліктен келмегенін түсіндірді.

«Хабардар ету жүйелері (mass alert) қарқындылығы 5,5 балл және одан жоғары болған кезде автоматты режимде іске қосылады. Бүгінгі жер сілкініс қала аумағында 3 балл болды»,- деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін саған 10:00-де Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді. 

Осыған дейін Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу және жобалау институтының өндіріс жөніндегі басқарушы директоры, техника ғылымдарының кандидаты Ералы Шоқбаровтың «елде қазір салынып жатқан көпқабатты үйдің бәрі қауіпсіз» деген пікірін берген едік. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<