Алматы облысында 9 сынып оқушысы өртеніп жатқан үйден екі адамды аман алып шықты

594

0

Фото: almobl_akimat

Алматы облысында 9 сынып оқушысы өртеніп жатқан үйден зейнеткер мен оның немересін алып шықты. Өңір әкімдігінің мәліметінше, 4 маусым күні Боралдай кенті, №39 гимназияның 9 сынып оқушысы Қамитбек Ихсан, аталған ауылдың Найзашоқы көшесінде тұратын досының үйіне келе жатып, Найзашоқы көшесі, №11 үйдің өртеніп жатқанын көреді.

«Ихсан, ойланбастан өрт шыққан үйге кіріп, өрт күйшеймей тұрғанда 63 жастағы зейнеткер мен оның 12 жастағы немересін сыртқа алып шықты. Кейін оқиға орнына өрт сөндірушілерді шақырған. Баланың бұл ерлігі ештеңемен өлшенбейді, осындай ұлды тәрбиелеген ата-анасына және ұстаздарына мың алғыс. Ихсан – бүгінгі күннің батыры», – деп атап өтті әкімдіктен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<