12 маусымда Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105 шақырымында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысы полициясының мәліметінше, Toyota Hiace жүргізушісі рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берді.
«Апат салдарынан төрт жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды.Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады ПД.
Ведомство жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдық режимін қатаң сақтап, ҚР Жол ережелерін бұзбауға шақырды.
8 маусымға қараған түні Қарағанды облысында бес адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты болды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<