Алматы «сары» аймаққа өтті

468

0

Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша «сары» аймаққа өтті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді.

16 маусымнан бастап Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артқан еді. Зерттеулер бойынша бүгінде COVID-19 жұқтырғандар санының артуына стелс-омикрон әсер еткен.

Еске салайық, бұған дейін елдегі COVID-19 көрсеткіштерінің артуын ескере отырып, Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің сары аймағына көшкен жағдайда төмендегі қосымша шараларды қабылдау керек екені туралы шешім қабылданған болатын:

науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру;

COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;

жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу;

10-нан аса адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну.

Сондай-ақ, аймақтың эпидемиологиялық ахуалына қарамастан, әуеде, ТЖ көліктері мен халықаралық автобустарда маска тағу ұсынылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<