Әлеуметтік желіде 12 жастағы қыз 13-қабаттан секіріп кетті деген ақпарат тарады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желідегі жазбадағы ақпаратқа сәйкес, оқушы қыз қосымша сабаққа шығып кеткен. Алайда ол 13-қабатқа көтеріліп, секіріп кеткен.
Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
«Бұл дерек бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Істің мән-жайы анықталып жатыр», – дейді ПД өкілдері.
Полицейлер оқушы қыз «Синий кит» ойынын ойнады деген ақпаратты жоққа шығарды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<