Алматыда белгіленбеген жерде темекі шеккен Қытай азаматына айыппұл салынды

396

0

Фото: Pixabay

Қытай азаматына Алматы әуежайында белгіленбеген жерде темекі шеккені үшін айыппұл салынды.

Тбилиси-Алматы бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұшақ жанында темекі шеккен шетелдік жолаушыны анықтады. 

Бұған Қазақстан заңнамасымен тыйым салынған.

«Тексеру барысында Қытай Халық Республикасының 24 жастағы азаматы анықталды. Құқық бұзушы белгіленбеген орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылып, оған 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды»,-деп хабарлады көліктегі полиция департаменті.

Айта кетейік, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 32 мыңнан астам адамды жауапқа тартты. Оның ішінде белгіленбеген жерлерде темекі шеккені үшін-1021 азамат бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<