Алматыда дабыл қоңырауы қосылды

231

0

Сурет: pixabay

2024 жылы 4 наурызда таңертең Алматыда күшті жер сілкінісі болды. Бұдан кейін қала бойынша сиреналар қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі:

«4 наурыз күні сағат 11:22-де Алматыда қатты жер сілкінісі болды.Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі эпицентрі туралы ақпаратты өңдеуде, қарқындылығы анықталуда».

Сондай-ақ, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға хабарланғаны, полиция басқармасының жедел кезекшісіне қаланың ғимараттары мен құрылыстарының қирауы мен зақымдалуын визуалды тексеру туралы ақпарат жинау үшін ақпарат берілгені, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің қирауы мен жұмыс істеуіне мониторинг жүргізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<