Алматыда Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің ісі бойынша алғашқы сот отырысы басталды

326

0

Сурет: Instagram/armandzhumageldiev, Instagram/kudaibergen_kairat

Алматыда 2023 жылғы 14 қыркүйек күні Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің ісі бойынша алғашқы сот отырысы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Алдын ала тыңдау ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің №72 түзеу мекемесінің тергеу изоляторында өтіп жатыр.

Сотқа Арман Жұмагелдиев пен Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенді қоса есептегенде, 45 адам тартылған.

Сот отырысының судьясы Асхат Әшірбеков.

Түске дейін сот айыпталушылардың жеке басын анықтады. Процесс сағат 15:00-де жалғасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<