Алматыда ер адам 10-қабаттан құлап кетті

238

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Желідегі мәліметке сәйкес, ер адам «Turar» бизнес орталығының терезесінен құлап кеткен. Алматы қаласының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105- бабы (өзін-өзі өлтіруге жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғады. 

– Бұл дерек бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр, – деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 29 жастағы әйел биіктен құлап, мерт болғанын жазғанбыз. 

Өткен айда Алматыда үш жасар бала биіктен құлап кетті.