Алматыда кран құлап, бір адам мерт болды

126

0

Фото: Алматы қаласы ТЖД

Оқыс оқиға кеше 16:00 шамасында Бостандық ауданында болған. Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, құрылыс жұмыстары кезінде мұнаралы кран құлаған. Оқиға салдарынан кран операторы қаза тапты.

  • Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, – деп хабарлады департаменттен.

Ал қалалық Төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына бірден өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері және қаланың өзара іс-қимыл қызметтері жіберілгенін мәлімдеді.