Алматыда қоғамдық көліктің жолақысы көтеріледі

452

0

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 20 теңгеге көтеріп, қолма-қол жол жүру ақысын алып тастау мүмкіндігі қарастырылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 20 теңгеге көтеру мүмкіндігі қарастырылуда. Қала әкімдігінің қаулы жобасы қоғаммен талқылану үшін «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

Қалалық мобилділік басқармасы 80 теңгелік тариф 2011 жылдан бері өзгермегенін және былтыр ғана 20 теңгеге өскенін атады. Қазіргі уақытта Алматыда қоғамдық көліктегі тарифтің құны қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеген кезде 100 теңге, ал қолма-қол төлеген кезде 200 теңге мөлшерінде белгіленген.

Бұл ретте, ведомство осы жылы қоғамдық көлікте жол жүру үшін орташа тариф 310 теңге, ал кейбір маршрутта 400 теңгеге жететінін атап өтті. Осыған байланысты жыл сайын тасымалдаушыларға төленетін субсидия мөлшері өсуде. Егер 2023 жылы 68,7 млрд теңге бөлінсе, 2024 жылы субсидияның болжамды сомасы 97,3 млрд теңгеге дейін өсті. Осылайша, қазіргі тариф бойынша субсидиялау мөлшері үнемі өсіп отырады, бұл жергілікті бюджет үшін шамадан тыс болуы мүмкін.

«Қала тасымалдаушылары қолданыстағы тариф тасымалдаушылардың автобус сатып алуға, жаңартуға және уақытылы қызмет көрсетуге, сондай-ақ жүргізушілердің жалақысын көтеруге жұмсаған шығынды өтемейді деп бірнеше рет мәлімдеді. Тасымалдаушыларға және жергілікті бюджетке жүктемені ішінара азайту мақсатында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тариф белгілеу туралы қала әкімдігі қаулысының жобасы дайындалды. Жоба жол жүру тарифін 120 теңгеге дейін көтеруді көздейді. Тиісінше, азаматтардың жеңілдетілген санаттары үшін жол жүру құны тарифтің 50%-ы болады», – делінген басқарманың хабарламасында.

Сонымен қатар, қоғамдық көлікте жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жүру ақысын қолма-қол ақшамен төлеуді жою көзделген. Бұл автобус жүргізушісіне көлік құралын басқаруға және ақша жинауға алаңдамауға мүмкіндік береді.

Қалалық мобилділік басқармасы жаңа тариф кезінде субсидиялаудың болжамды көлемі 2024 жылы 7 млрд теңгеден астамға қысқаратынын атап өтті. Бұл қала тұрғындарының талабын ескере отырып, қоғамдық көлікте көп жүруді арттыруға қосымша қаржы жұмсауға мүмкіндік береді.

Мәселен, 2023 жылы қала әкімдігі 600 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып алды. Биыл қосымша 600 автобус, 100 троллейбус және 100 электробус сатып алу жоспарланған. Бұл техникаларды сатып алуға 160 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұған қоса, жеке тасымалдаушылар 2023 жылы 550 автобус, 2024 жылы 400-ге жуық жаңа автобус сатып алуды жоспарлаған.

Биыл BRT, LRT және метро сияқты жедел қоғамдық көлікті дамытуды көздейтін көлік қаңқасының шебер жоспарын жүзеге асыру басталды. 2030 жылға қарай қалада ұзындығы шамамен 300 км болатын 42 көлік дәлізі құрылады, бұл қаладағы тұрғын үй аумағының төрттен үш бөлігін қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жолақысын төлеу және тегін тасымалдауда тарифтік мәзір әзірленеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<